Ақтауда діни халықаралық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда діни халықаралық форум өтті

19.07.2022

Ақтауда «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары, қазіргі жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында халықаралық форум өтті.

Шараға еліміздің теологтары мен шет елден келген сарапшылар қатысты. Мамандар діни экстремизм мен терроризм, деструктивті діни ағымдар, мемлекет пен дін қатынастарындағы зерттеуді қажет ететін мәселелерді талқылады. Форум пленарлық және секциялық отырыстар түрінде өтті. Халықаралық жиынның материалдар жинағы құзырлы органдарға ұсынылады.

Ержан Нүкежанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы:

Барлығы айтып жатыр дін - өте нәзік мәселе деп. Бұл жерге терең білім меңгеру керек. Одан кейін білгілі бір метедологиялық, басқа да тәжірибелер болу керек. Өйткені, көптеген мәселе осы білімсіздіктен, жалған ақпараттан, үстіртін ақпараттан кетіп жатыр. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу