Елімізде апта соңында аптап ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде апта соңында аптап ыстық болады

19.07.2022

Елімізде де шілденің шіліңгір ыстығы әбігерге салатын түрі бар.

Еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет орталығы «апта соңына қарай Шымкентте 46 градусқа дейін аптап ыстық болады» деген болжам жасады. Түркістан облысының кей аймақтарында шаңды дауыл тұрып, дала өртінің қаупі өрши түспек. Ал, Атырау және Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, екпіні 20 метр секундқа жететін жел тұрады деп күтілуде

Хабарламаларға жазылу