Оралдағы Консерві зауыты қалалық әкімдік пен құрылыс компаниясы арасындағы дау 2 жылдан бері жалғасып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы Консерві зауыты қалалық әкімдік пен құрылыс компаниясы арасындағы дау 2 жылдан бері жалғасып келеді

18.07.2022

Орал қаласындағы консерві зауытының ұжымы кәсіпорын іргесінде салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысын тоқтатуды талап етті. Өйткені тұрғын үй кешені өндіріс орнының санитарлық қорғау аймағында орналасқан. Консерві зауыты қалалық әкімдік пен құрылыс компаниясы арасындағы дау 2 жылдан бері жалғасып келеді.

Гүлфия Қалиева, Консерві зауыты заң бөлімінің жетекшісі:

Құрылыс компаниясы тарапынан заңсыз әрекеттер тыйылмай тұр. Сот тоқтатқан құрылыс жұмыстарын олар өз бетінше жалғастырып жатыр. Мақсаты – үйді тезірек салып, тұрғындарды қоныстандыру. Көпшіліктің зауыт жұмысына шағымданатыны анық. Өйткені, өндіріс орнынның маңында жүк көліктері көп жүреді, қондырғылардың шуы бар. Содан кейін кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін. Мен осындай жағдайларда көрген соң өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын.

Консерві зауытының ашылғанына 30 жылға жуықтаған. Қазір нысанда 650 адам еңбек етіп жүр. Көпшілік жұмысынан айрылғысы келмейді. Ал өндіріс орнының іргесінен салынып жатқан 4 үйде 400-ге жуық пәтер болуы тиіс. Екеуіне иелері қоныстанып үлгерді. Сот оларды сүру жөнінде шешім шығарса, тұрғындардың шығыны өтелер-өтелмесі белгісіз. Бастапқыда бұл жер зауыттың санитарлық-қорғау аймағы болғанына қарамастан қалалық әкімдік құрылыс жүргізуге рұқсат берген.

Светлана Кленина, құрылыс компаниясының адвокаты:

Консерві зауытының өкілдері салынып жатқан үйлердің жанында қауіптілігі 4-ші деңгейге жататын кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын айтады. Бірақ оны дәлелдейтін құжат жоқ. Бірнеше рет зауыт басшылығына келісім жасауға тырыстық. 30 пәтерді тегін ұсындық. Бірақ нәтиже болмады. Басшылығы 3 үйді сүруді талап етіп отыр.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу