«АлматыМетро» мен Алматы құрылыс басқармасына қатысты қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу жалғасуда. Бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылды деп қалалық ревизия комиссиясы мәлімдеді. Аудиторлық тексеріс кезінде 120 миллиард теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Оның ішінде 45 миллиард теңге қаржылық операцияларға қатысты. Тағы осынша қазына қаржысы тиімсіз пайдаланылған. Осы бойынша құзырлы органдарға 5 материал жіберілді. Бұл іске Алматының полиция департаменті мен қалалық құрылыс басқармасының да қатысы бар. Әзірге тергеу жүріп жатқандықтан, басқа ақпарат жарияланбай отыр.
Фариза Мұсақызы