Жамбыл облысында қызылша өсіретін шаруаларға мүмкіндік беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қызылша өсіретін шаруаларға мүмкіндік беріледі

18.07.2022

Жамбыл облысы – қант қызылшасын өсіретін негізгі өңірлердің бірі.

Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған қант зауыттары бүгінде әбден тозған. Жиын-терім кезінде дайын өнімді өткізу де дихандарға қиын соғады. Енді мемлекет қант саласын жандандыруға қомақты қаржы ресурстарын салып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері аталған шараларды іске асыру бәсекеге қабілеттілік деңгейін едәуір арттыруға және қазақстандық қант өндірушілердің өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді деп пайымдайды.

Нұраддин Бегманов, «Қызыл дихан» ӨК төрағасы:

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана – Алматы және Жамбыл облыстарында жұмыс істейтінін айтқан еді. Осыған байланысты еліміздегі қант саласын дамыту мен тапшылықтың алдын алу үшін бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған орай Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Жамбыл облысына барып, шаруалармен кездесті.

Еліміз 90% импорттық қантқа тәуелді. Қазір қат болып тұрған қант қызылшасын дамыту үшін бұрында бірнеше жобалар қолға алынған. Бірақ ол уақытында ретімен жүрмеген. Осы мәселемен өңірге келген ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының орынбасары қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруалардың проблемалық мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, күзгі дала жұмыстарының барысын талқылады.


Хабарламаларға жазылу