Еуро мен доллардың құны 20 жылда алғаш рет теңесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро мен доллардың құны 20 жылда алғаш рет теңесті

18.07.2022

Еуро бағамы долларға қарағанда едәуір түсті.

Еуропа валютасының арзандауына Украиндағы соғыс, энергетикалық дағдарыс пен экономикалық құлдырау әсер еткен. Сондай-ақ Еуропа орталық банкі мен АҚШ федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатындағы айырмашылықтары себеп. Еуро құнының түсуі әзірге тек америкалық туристер мен тауарын АҚШ-қа тасымалдап отырған еуропалық экпорттаушыларға ғана тиімді.

Сарапшылар еуро осылай құнсыздана берсе қарапайым халық инфляцияның зардабын қатты тартады, дейді сарапшылар.  

Хабарламаларға жазылу