Украина президенті Қауіпсіздік кеңесінің басшысы мен Бас прокурорды қызметінен босатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті Қауіпсіздік кеңесінің басшысы мен Бас прокурорды қызметінен босатты

18.07.2022

Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, олар басқарған мекемелерде ондаған шенеунік Ресеймен ымыраласып, Украинаға қарсы жұмыс істеген.

Зеленскийдің сөзінше, құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлеріне қарсы мемлекетке опасыздық жасады және Ресеймен ынтымақтасты деген күдікпен 651 іс қозғалған. Ал қызметтен кеткен екі басшының ведомствосында жұмыс істеген 60-тан астам адам қазір Ресей басып алған аумақтарда осы елдің мүддесі үшін жұмыс істеп жүр.   

Хабарламаларға жазылу