Нұр-Сұлтан қаласында банк қызметкері зейнеткердің 6 млн теңгесін қолды қылды.
71 жастағы тұрғын ол қаражатты бес жыл бойы жинаған көрінеді. Полицейлер «ұрыны» алысқа ұзатпай қолға түсірді. 23 жастағы банк қызметкері бар кінәсін мойындады. Ол қарияның жеке шотын ашып, ондағы қаражатты досының есеп шотына жіберген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.