Ертең «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалы өтеді

15.07.2022

«Қазақстан дауысы. Балалар» елімізде бұрын-соңды болмаған мега жоба. «Балалар жылы» аясында дарынды жастарды бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен жобаға 7 жастан 14 жасқа дейінгі 4400 баладан өтінім келген. Оның ішінде «көрмей таңдау» кезеңіне 120 бала іріктеліп алынды.

Азат Сүндетбек, «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалисі:

Осы жобаға қатысайық деді анам. Кастингке келдік. Ән айтып, видеомен жібердік. Мен өттім. Маған ең қиын кезең алғашы тікелей эфир. Себебі ол жерде жауапкершілік мол болды.
Финалға дейін өнерлі балалар төрт кезеңде сайысқа түсті. Көрмей таңдау, Жекпе-жек, тікелей эфир, жартылай финалдан 4 үміткер суырылып шықты. Алматылық Шерхан Арыстанұлы мен Азат Сүндетбек, Нұр-Сұлтан қаласынан Ерсұлтан Омар және Батыс Қазақстаннан Айзат Айдосұлы.

Айзат Айдосұлы, «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалисі:
Менің финалға деген дайындығым өте керемет. Бір әнді тәлімгермен айтамыз. Екіншісін жеке айтамын. Бізге сәттілік тілеңіздер, дауыс беріңіздер. Бізді қолдаңыздар.
Жоба балалар жылына арналған Қазақстан телерадиокорпорациясының тартуы. Бағдарламаның тәлімгерлері Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Дастан Оразбеков сынды елге танымал өнер иелері.

Дастан Оразбеков, тәлімгер:
Менің өте қуаныштымын осындай жобаның барында. Себебі өнер иелеріміз жалғыз қазақстанға емес, бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндік ашылды. Бұл балалардың өскені қазір, мені бұрын ешкім танымайтын кішкентай балалар. Қазір амандасады келіп. Көріп жүр. Қызығушылық көп.
Әлемдік мега жобаның финалы ертең, яғни 16 шілде Ұлттық арнада кешкі сағат 21:00-де тікелей эфирде болады. Кім жеңімпаз атанады? Үздіктердің үздігін халық www.qazaqstan.tv сайтында дауыс беру арқылы анықтайды.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу