Шымкентте лауазымды тұлғалар 10 миллион теңгені иемденбек болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте лауазымды тұлғалар 10 миллион теңгені иемденбек болған

15.07.2022

Шымкент қаласында «Аrtsport» бағдарламасына бөлінген мемлекет қаржысын жымқыруға әрекеттенген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығы өздеріне бағынышты фирмаларды пайдаланып, 10 миллион теңгені иемденбек болды деп күдікке ілікті. Олар спорт және өнер үйірмелеріне балаларды сыртынан жазып, мемлекеттен ақша алу үшін жалған құжат толтырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жан басына қаржыландыруға бөлінген ақшаны осындай әдіспен қымқыруға әрекеттенген екі факті бойынша іс жүргізіп жатыр. Сот санкциясымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынды. Жалпы биыл Шымкент қаласы үшін «Аrtsport» бағдарламасына мемлекеттік тапсырыс аясында 2,3 миллиард теңге бөлінген.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу