Энергетика министрлігі нарықтағы жанар-жағармайдың шекті құнын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика министрлігі нарықтағы жанар-жағармайдың шекті құнын бекітті

15.07.2022

Энергетика министрлігі нарықтағы жанар-жағармайдың шекті құнын бекітті. Құжатқа сәйкес Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында Аи-92 және Аи-93 сұрыпты бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңге, өзге өңірлерде баға бұрынғы 182 теңге деңгейінде қалады. Басқа аймақтарға қарағанда екі облыста жанармайдың қымбат болуына логистикалық шығын себеп. Ал Аи-95 маркалы бензин бағасына енді мемлекеттік реттеу жүргізілмейді. Өйткені Аи-95-ті өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар қажет. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай құны мен валюта бағамына байланысты өзгереді. Бұйрыққа сәйкес дизель отынына шекті баға өзгермейді. 230-260 теңге аралығында саудаланады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу