Қазақстан қазір ішкі нарықтың тек 8 пайызын ғана қантпен қамтып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қазір ішкі нарықтың тек 8 пайызын ғана қантпен қамтып отыр

15.07.2022

Қазақстан қазір ішкі нарықтың тек 8 пайызын ғана қантпен қамтып отыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері осылай дейді. Әр гектардан 40 мың тонна қант алынатынын жеткізді. Мамандар суармалы қант қызылшасы алқабын 100 мың гектардан аса ұлғайтуды ұсынып отыр. Сонда ішкі нарықтың 80 пайызын тәтті өніммен толық қамтуға мүмкіндігі бар екенін айтты. Жалпы елде қант Алматы мен Жамбылдағы зауыттарда өндіріледі. Олардың өзі толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ. Сарапшылар дүкен сөрелеріндегі қанттың бағасын тұрақтандыру үшін егіс алқабын ұлғайтуды сұрады. Әрі бұл азаматтарды қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу