Елордада жеті жасар баланы көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жеті жасар баланы көлік қағып кетті

15.07.2022

Елордада жеті жасар бала көліктің астына түсіп, қаза тапты. Полиция департаментінің мәліметінше, кеше кешкісін велосипед теуіп жүрген ойын баласын кроссовер жүргізушісі қағып, бала дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік жүргізушісі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу