Елде корпоративтік кредит үлесі азайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде корпоративтік кредит үлесі азайып барады

14.07.2022

Еліміз отандық қаржы жүйесі жұмыс істеген барлық уақыт ішінде біз пайыздық арнаның толық жұмыс істеуіне де қол жеткізе алмады. Сондықтан несие және салық-бюджет саясатын қайта жетілдіру қажет. Қазір елде тұтынушылық кредит алатындар көп. Бұл корпоративтік несие үлесінің қысқаруына әкеледі. Мысалы, 5 жылда берілген қарыздың ішінде корпоративтік кредиттің үлесі 68-ден 41%-ға дейін азайып кеткен. Банктерде 11 трлн теңге өтімділігі жоғары активтер бар. Соған қарамастан кез-келген маңызды емес жобаны мемлекеттік даму институты немесе халықаралық қаржы ұйымынан несие алып, бастауға тура келеді. Жағдайды реттеу үшін Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу агенттігіне Үкіметпен бірлесіп, банктерді экономиканың нақты секторына кредит беруге тарту үшін қосымша тәсіл табуды тапсырылды. 

Хабарламаларға жазылу