Президент ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілімен бейнебайланыс режиминде кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілімен бейнебайланыс режиминде кездесті

14.07.2022

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Өз кезегінде Тери Хакала Еуропа Одағы Мемлекет басшысының реформалар жүргізу бағдарламасына жан-жақты қолдау көрсететінін, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалайтынын мәлімдеді.Сондай-ақ, Еуропа Одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға зор қызығушылық танытты.


Хабарламаларға жазылу