Полиция тергеуінің видео нұсқасын енгізу пысықталып жатыр. Қылмыстық процесті де цифрландыру ісі жалғасуда. Бүгінде қылмыстық құқық бұзушылықтың 82 пайызы электронды түрде тергеледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Жалпы қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. «Қара нарықтағы» құны шамамен 4 жарым млрд теңге болатын заңсыз айналымдағы 3,5 тонна есірткі тәркіленді. Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Нысаналы Ығыл