Мемлекет басшысы білім ошақтарындағы бейнебақылау жүйесін сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы білім ошақтарындағы бейнебақылау жүйесін сынға алды

14.07.2022

Президент соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Үкіметтің кеңейтілген отырсында Мемлекет басшысы білім ошақтарындағы бейнебақылау жүйесін сынға алды.

Толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында жүйе талапқа сай емес. Мұндай білім ордаларының саны 3 мыңға жетеді. Кейбірінде бейнебақылау мүлдем жұмыс істемейді. «Мен осы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Бірақ, соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдатады», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет.


Хабарламаларға жазылу