Президент: Транзиттік көліктерге сараланған жанармай бағасын белгілеу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Транзиттік көліктерге сараланған жанармай бағасын белгілеу қажет

14.07.2022

Транзиттік көліктерге сараланған жанармай бағасын белгілеу қажет. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осындай тапсырма берді. Сарапшылардың бағалауынша, күзде елде дизель отынының тапшылығы болуы мүмкін. Жанармайды ішкі нарықтан транзиттік көліктер мен көрші елдер сыртқа әкетіп жатыр. Үкіметтің уәжі осы. «Алайда жанармайды сыртқа тасымалдаудың әбден жолға қойылған схемасы бар. Қаржылық мониторинг агенттігіне осы мәселенің анық-қанығын тексеру керек. Маған бұл мәселемен кім айналысып отырғаны туралы нақты ақпарат ұсыныңыздар. Осыдан кейін түбегейлі шешім шығарамыз», - деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шекара периметрі бойынша транзиттік көліктерге мұнай өнімдерінің сараланған бағасын әзірлеуді тапсырды.  

Хабарламаларға жазылу