Корпоративтік кредит үлесі азайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корпоративтік кредит үлесі азайып барады

14.07.2022

Еліміз отандық қаржы жүйесі жұмыс істеген барлық уақыт ішінде біз пайыздық арнаның толыққанды жұмыс істеуіне қол жеткізе алмады. Сондықтан несие және салық-бюджет саясатын қайта жетілдіру қажет. Қазір елде тұтынушылық кредит алатындар көп. Бұл корпоративтік несие үлесінің қысқаруына әкеледі. Мысалы, 5 жылда берілген қарыздың ішінде корпоративтік кредиттің үлесі 68-ден 41%-ға дейін азайып кеткен. Банктерде 11 трлн теңге өтімділігі жоғары активтер бар. Соған қарамастан кез-келген маңызды емес жобаны мемлекеттік даму институты немесе халықаралық қаржы ұйымынан несие алып, бастауға тура келеді. Президент бұны апатты жағдай деп атады. Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу агенттігіне Үкіметпен бірлесіп, банктерді экономиканың нақты секторына кредит беруге тарту үшін қосымша тәсіл табуды тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу