Бір айда 12 мыңға жуық жаңа көлік сатылды. Қазақстандық дилерлер 11 мың 418 жеңіл машина мен 436 жүк көлігі және автобус өткізген. Осылайша елде жасалған автокөлік үлесі маусым айында жалпы сатылымнан 84 пайызға өсіп отыр. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, Қостанайдан шығатын Chevrolet көлігін мінгендер көп. 4100-ден асады. Ал, Hyundai 2 жарым мың болса, Kia 1 мың 300-ден артық сатылған.