Жұмысынан айырылған 60 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды. Көмек - қызметкер жоғалтқан табыстың 40 пайызына дейін беріледі. Оның көлемі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосылу мерзімі мен соңғы 24 айдағы еңбекақысына қарай есептеледі. Сөйтіп, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1-ден 6 айға дейін, жұмысынан босатылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Биыл 50 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды. Жалпы ондай қолдауды eGov.kz порталына тіркелу арқылы алуға болады.