Лондондағы ең ірі Хитроу әуежайы жолаушылар санын күніне 100 мың адамға дейін шектеу туралы шешім шығарды. Өйткені рейстерге қызмет көрсететін жұмыс күші жетіспей жатыр. Нәтижесінде әуе компаниялары жазғы рейстерге билет сатуды тоқтатып тастады. Жазғы демалыс басталғанымен, жолаушылар тасымалы индустриясы пандемиядан кейін қайта қалпына келіп үлгермеді. Ковид күшіне енген кезде қызметкерлердің саны едәуір азайғаны белгілі. Бүгінде рейстерге тіркейтін, жол жүктерін ресімдейтін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін адамдар жетіспей жатыр. Жүкті алу уақыты бірнеше сағатқа, кейде бір күнге, тіпті бір аптаға дейін созылуда. Жолаушылар жол жүгінсіз ұшуға мәжбүр.
Ли Макмастер, жолаушы:
Мен негізі Хитроу әуежайының үшінші терминалындамын. Мұнда бейберекетсіздік орнаған. Жүкті өткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұру керек. Мен 2 сағаттан кейін ғана ішке кіре алдым. Әуежай жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаған. Діттеген жерім Нью-Йоркке уақытылы жете алмайтыным анық.
Марина Бекенова