Ұйғыр ауданында республикалық автожолды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұйғыр ауданында республикалық автожолды су шайып кетті

14.07.2022

Алматы облысында Ұйғыр ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» автожолының 12-ші шақырымын су басты.

«Жолдың бұл бөлігінде көліктер бір жолақпен жүріп жатыр. Лайлы-тасқын жалпы көлемі 10 текше метр. Сондай-ақ, тасжолдың 18 -19 шақырымын қатты жауған жауын суы шайды. Бұл аймақтарда уақытша жол белгілері орнатылды. Дереу жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, кеше барлық көлік түрлерінің қозғалысы қайта жанданды.

Бұдан басқа осы аудандағы бірнеше демалыс орны да су астында қалды. 

Хабарламаларға жазылу