Елдегі 15 компания пәтер бағасын негізсіз қымбаттатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі 15 компания пәтер бағасын негізсіз қымбаттатқан

13.07.2022

Елдегі 15 ірі құрылыс компаниясы пәтерлердің бағасын негізсіз 20 пайызға қымбаттатқан. Олардың 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, біреуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Өзара келісе отырып, баспана бағасын қымбаттатқан компаниялар арасында белгілі «Базис-А» мен «Bi Group» бар. Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында да бағаны өсірген компаниялар тіркеліп отыр. Елордадағы “Орда Строй Групп” серіктестігі, агенттіктің ескертуіне құлақ аспағандықтан, қазір тергеу жүріп жатыр. Ал қалған құрылысшылар ескертуден кейін баспана бағасын 15-20 пайызға төмендеткен.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу