Шымкентте 13,5 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған азамат сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 13,5 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған азамат сотталды

13.07.2022

Шымкентте жалған деректер негізінде мемлекет қаржысын иеленген азамат сотталды. Мегаполис тұрғыны 2020 жылы әкімдікке асыл тұқымды қой сатып алуға және оның жем-шөбі шығындарын өтеу үшін 13,5 миллилион теңге қаржы бөлуді сұрап, өтінім берген. Алайда, осы істі тергеп-тексеру кезінде асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны және бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Заң талаптарына байланысты мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сот үкімімен қазына қаржысын иемденгісі келген азамат 5 жылға шартты жазаға тартылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу