Алматыда синтетикалық есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатқан екі күдікті ұсталды.
Жасырын ірі зертхананың көзі жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Алматы қаласы мен маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекУрсор мен зертханалық жабдық тәркіленген. Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.
Аталған фактіге байланысты тергеу басталды.