Мүлік иелері бірлестігіне көшу қайта жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүлік иелері бірлестігіне көшу қайта жалғасып жатыр

12.07.2022

Көп қабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл тұрғындар тарапынан қажет сома жиналмаған жағдайда қабылданатын амал. Бірақ, қаражат қайтарылуы керек. Лифтілерді ауыстыруға қатысты да осындай тәсіл қолданылады. Ал, ағымдағы жөндеуді жүргізуге пәтер иелері жауапты. Ай сайынғы төлемді жергілікті мәслихат ең төменгі пайызбен белгілейді. Пандемия кезінде аяқсыз қалған жүйе қайта ұзартылды. Бүгінде жаңа әдіске 41 мыңнан аса баспана көшкен. Мұның тәртібіне сәйкес мүлік иелері бірлестігі құрылады. Тұрғындар арасынан ұйымның төрағасы, кеңесі және тексеру комиссиясы сайланады. Әр үйге бір бірлестік, бір есепшот бекітіледі. Үйді басқару ісін серіктестікке де беруге болады. Дегенмен қадағалау өздерінде қалады. Ал, пайда табуды ойлайтын қызмет көрсетушілер, әкімшілік жазаға тартылады. Заң жобасы қазір президент әкімшілігінің қарауында.

Марғұлан Әбдікәрімов, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары:

Тапсырыс беруші, құрылыс салушы, оның ішінде басқарушы компания, одан кейін ескі басқарушы органдар оның ішінде пәтер иелері кооперативтерінде жазаға тартуға болады. Бірден штраф салып, жылдың ішінде тағы қайталанса екі есе штраф салуға болады. Әкімшілік жазаны қолданғаннан кейін былайша айтқанда теңгемен ұрып, орнына келтіреміз деп ойлаймыз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу