Петропавлда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге жұрт қоныстана алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге жұрт қоныстана алмай жүр

12.07.2022

Петропавлда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге жұрт қоныстана алмай жүр. Құрылысы былтыр аяқталғанымен, коммуникация тартылмаған. Соған қарамастан әкімдік үйді тоғыз ай бұрын қабылдап алған.

Күзетші есікті ашпады. Құрылысшылар жұмысты осыдан 9 ай бұрын аяқтап, нысанды тапсырған. Алайда үй маңы әлі абаттандырылмаған, инженерлік комуникация атымен жоқ.

Бұл үйдегі пәтерлер баспана кезегінде тұрған азаматтарға арналған. «Отбасы банкі» арқылы байқау жарияланып, болашақ иелері анықталып та қойған. Енді олар төлем қабілеттілігін растап, ипотекалық несие рәсімдеуі тиіс. 72 отбасы баспанасын тағатсыздана күтіп жүр. Солардың бірі Гүлнұр Өтесбаева. Қазір ол отбасымен бірге пәтер жалдауға мәжбүр.

Гүлнұр Өтесбаева, қала тұрғыны:

Ешқандай жұмыстар өткізіліп жатқан жоқ. Анау 4-5 күн трубалар жатыр. Шөп деген өсіп кеткен. Үйге кіргізбейді охрана, өзіңіз көрдіңіздер. Білмеймін қашан енді үйімізді аламыз, кілттерімізді аламыз.

Сания Сатыбалдина, қала тұрғыны:

Талап бойынша жаңа баспанаға 2 жыл мерзімге кепілдеме беріледі. Күзде үйдің салынғанына 1 жыл болады. Біз ол уақытты жай жоғалтып алдық. Болашақта қанда да бір ақау шығып жатса, өзіміз жөндеуге тура келеді.

Қаладағы Горький және Уәлиханов көшісенде бой көтерген бірнеше үйдің құрылысы мерзімінде бітпей кешеуілдеп тұр. Олар да мемлекеттік бағдарламамен салынған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша тұрғын үйлерге инженерлік желілер тарту жұмысы бөлек жоба ретінде қарастырылған көрінеді.

Эльмира Кәленова, тілші:

Құрылысы мерзімінен кешіккен тұрғын үйлерге қатысты әкімдік өкілдері сұқбат беруден бас тартып, тек ауызша жауаппен шектелді. Олардың мәліметінше мына үйдің инженрлік желілерін тарту үшін республикалық қазынадан 32, млн теңгеден артық қаржы бөлінген. Алайда жұмыс басталған жоқ. Себебі бұл нысанға коммуникация көршілес 144 пәтерлік мына үйден тартылады. Оның құрылысы жуырда аяқталады. Осылайша, 72 пәтерлі үйді әкімдік қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу