«Жылыой-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жылыой-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры сотталды

12.07.2022

Атырауда су жүргізу жұмыстары үшін қызмет құнын заңсыз көтеріп, түскен пайданы қалтасына басқан «Жылыой-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры сотталды. Ол 2019 жылдың көктемінен бастап, 2021 жылдың наурыз айына дейін, монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген. Осылайша оның аса ірі мөлшерде қаражат жымқырып, 126 млн теңге залал келтіргені анықталды. Тергеу кезінде, көлеңкелі жолмен табылған бұл қаржы, толықтай мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар, Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон елді мекен халқына, сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу