Қазақстандықтардың 61%-ы ресми медицинаға сенеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 61%-ы ресми медицинаға сенеді

12.07.2022

Қазақстандықтардың 61%-ы ресми медицинаға сенеді. Коронавирус кезінде тұрғындардың өз денсаулығына деген қамқорлығы артқан. Бұл Халықаралық STADA фармацевтикалық компаниясының жүргізген зерттеу қорытындысы. Биыл зерттеуге 30 мыңнан астам адам қатысқан. Осылайша, пандемия уақытында теле медицина жаһандық трендке айналып, отандастарымыздың 68 пайызы дәрігерлерден онлайн кеңес алған. Сондай-ақ, сұралғандардың жартысынан көбі айына кем дегенде 2-3 рет дәріханаға баратынын айтқан. Соңғы кездері халық дұрыс тамақтану салтын қолдайтынын және дәрумендерді жүйелі түрде тұтынатынын көрсеткен.

Арминас Мацевичус, ТМД бойынша халықаралық stada фармацевтикалық компаниясының директоры:

Халықаралық онлайн-сауалнама барлығы 15 елде жүргізілді. Биыл Румыния мен Қазақстан елдері оған алғаш рет қатысып отыр. Респонденттерге 8 бағыт бойынша 45 сауал қойылып; денсаулық сақтау мен тамақтану әдеттерінің өзгеруі бақылауға алынды. Нәтижесі өте жақсы. Сауалнама қорытындысы ресми сайттарда қолжетімді.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу