«Болашақ» халықаралық стипендиясына 199 адам ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясына 199 адам ие болды

12.07.2022

«Болашақ» халықаралық стипендиясына 199 адам ие болды. Олар магистратура мен докторантурада білім алады. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды. Президенттің «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән беріліп отыр. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу