Петропавлда көлік контрабандасымен айналысты деп айыпталған қылмыстық топқа қатысты үкім шықты.
Күдіктілер сот залынан босатылды. Прокурорлар оларды 19 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Естеріңізге сала кетсек, сотталушылар Жапонияда шыққан қымбат көліктерді Ресей арқылы Қазақстанға әкелген. 1500 темір тұлпардың 60-ы тінту кезінде қоймадан табылды. Қалғандары сатылып кеткен. Олардың басым бөлігі тәркіленді. Экономикалық тергеу департаменті топ мүшелерін былтыр наурызда ұстаған болатын. Тергеу жұмыстары бір жыл бойы жалғасты. Олар жалған құжат жасап сатқаны және заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін ғана айыпты деп танылды. Судья сотталушылардың бірін шартты түрде екі жылға бас бостандығынан шектесе, қалған үшеуін амнистиямен босатты. Олар қоғамдық жұмысқа тартылады. Ал тәркіленген көлік иелеріне қайтарылады.
Татьяна Петрова, адвокат:
Сотталушыларға ауыр айып тағылды. Олар трансұлттық қылмыстық топ құрып, көлік контрабандасымен айналысты деген күдікке ілікті. Тергеу оны дәлелдей алмады. Прокурорлар сотталушыларды 25 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ олар ақталды. Қазақстанда көлік тасымалына тыйым салынбаған.
Эльмира Кәленова