Ақтау теңіз порты қазір қосымша 5,5 млн тоннаға дейін мұнай қабылдауға дайын. Бұл туралы порт өкілдері хабарлады. Соңғы бес жылда бұл порт жылына 2 млн тоннадан аса шикізат өткізген. Қара алтын Бозащы кен орнынан Махачкалаға, сол жерден «Транснефть» жүйесіне түсіп, кейін Новороссийскіге жөнелтілді. Дегенмен 8 жыл бұрын қолданыстан алып тастаған нөмірі 9-шы және 10-шы мұнай құю айлағы әлі жөнделіп бітпеген. Егер осы екі айлақ толық қуатында жұмыс істесе, мұнай тасымалын 12 млн 500 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Шекараны ашу-жабу, құжаттарды рәсімдеу, танкерді қабылдау секілді жұмыстарға біраз уақыт кетеді. Егер осы іске жұмсалатын уақыт азайса, шикізат тасымалын 17 млн тоннаға дейін жеткізуге болады.
Ақерке Бектас