Алматы қорығында сілеусін бейнекамераға түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қорығында сілеусін бейнекамераға түсіп қалды

11.07.2022

Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні бейнекамераға түсіп қалды. Кадрларды Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады. Ведомствоның мәліметінше, жыртқыш сүтқоректі Орталық Азияда ғана кездеседі. Бұл сілеусін қорықтағы аралас және қылқан жапырақты орманда мекен етеді. Бұл аумақта шамамен 16 сілеусін бар. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу