Алматыда қару кезенген күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қару кезенген күдікті ұсталды

11.07.2022

Алматыда түн ішінде қару кезенген күдікті ұсталды. Оқиға Алатау ауданындағы Дарабоз ықшам ауданында болған. Аулада қару асынған белгісіз ер адамды байқаған кешен тұрғындары дереу полицияға хабар берген. Қауіпсіздік мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Артынша арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Полицияның мәліметінше, сол тұрғын үй кешегінің 37 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барған. Ер адамның өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы болған. Тұрғындардың айтуынша, ол бірнеше рет атып үлгерген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу