Ақмола облысы Зеренді ауданында дауылдың салдарынан жарықсыз қалған елдімекендерге электр энергиясы берілді.
Аймақта кеше қатты жел соғып Ақадыр, Ұялы, Еңбек-Бірлік ауылдары электр жарығынсыз қалған. Сондай-ақ, Ақадырдағы 8 үйдің шатыры зақымданған. Дуалдан тұрғындардың қора-қопсылары қираған.
Қазіргі уақытта бүлінген барлық нысандар бойынша актілер толтырылды. Өтемақы көлемін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Қаржы содан кейін бөлінеді.