Алматы облысының таңдай қақтырар әсем жері - Түрген шатқалында визит-орталық ашылды.
Іле-Алатау ұлттық паркінде орналасқан кешеннің салтанатты ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.
Заманауи талаптарға сай келетін орталық туристердің жайлы демалысы үшін барлық сапалы қызмет түрін ұсынбақ. Кешенде тамақтану орны, ойын алаңы, террассалар мен кәдесый дүкені бар. Вице-премьердің айтуынща, Алматы өңірінің экотуризмді дамытудағы мүмкіндігі мол. Жыл сайын ұлттық парктерге келушілер қатары артып жатыр. Сондықтан осындай сапар орталықтарын көптеп ашу туристер қарқынын көбейтуге сеп. Мәселен, Түрген шатқалы бойында пайдалы минералдарға бай 5 бұлақ, сондай-ақ жер қойнауынан шығатын ыстық бұлақтар бар. Визит-орталық аймағында туристер "Қайрақты" сарқырамасы, Шынтүрген мүк шырша ормандары, Сиверс алмасының табиғи резерваты мен басқа да табиғи нысандарды аралай алады.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Қандай керемет мына тұрған көрініс! Қай жерде осындай дүние бар? Шетелді айтып жатамыз қандай керемет деп, одан асып кетпесе, кемдігі жоқ. Бірақ табиғатты аялап, сақтауымыз керек. Мұның барлығы тек туризмді дамыту емес, адамдар демалатын жай ғана орындар емес, жаңа Қазақстанның болашағы.