Париждегі дыбыстар мұрағатында қазақтың күміскөмей әншілері мен қоғам қайраткерлерінің осыдан 100 жыл бұрын жазылған дауыстары сақталған.
Нақты кімдердің дауысы екенін анықтау үшін еліміздің Франциядағы елшілігінің қолдауымен жақын күндері зерттеу жұмыстары басталады.
Франциялық коллекционер Франклин Пикард таспаларды әрісі Америка, берісі Ресейден жинапты.
Коллекционер жақында қазақтың дәстүрлі 1000 әні мен 1000 күйінің жинағына қол жеткізгеніне балаша қуанып жүр.
Қазақстан-Франция біріккен зерттеу жұмыстарының нәтижесінен кейін, ақсақал мұрағат қоры қазақтың алтын дауыстарымен толығатынына сенімді.
Нұрсұлу ҚАСЫМ