Павлодарда психотропты заттарды интернет арқылы үйіріп сататындар ұсталды. Жетеуі ғаламторға шығарса, екеуі есірткіні тауып, жеткізушілер. Олар синтетикалық түрін таратуға маманданған топ. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр мәлімдеді. Республикалық «Қарасора-2022» жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер «Альфа-ПВП» синтетикалық есірткінің 10 мыңнан аса бір реттік дозасын тәркіледі. Осылайша 3 келіден артық наша заңсыз айналымнан алып тасталды. Қазір «ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тоғыз айыпталушы уақытша ұстау изоляторында.