Эпидахуал: Елімізде 334 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эпидахуал: Елімізде 334 адам коронавирус жұқтырды

08.07.2022

Қазақстанда тағы 334 адам коронавирус жұқтырды. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Жалпы, пандемия басталғалы елде 1 млн 309 мыңға жуық тұрғын ковидпен ауырған. Мамандар әдеткі сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырады. Соңғы дерек бойынша 2 млн 200 мың адам инфекцияға қарсы ревакциналанған. Жалпы бүгінге дейін үшінші рет екпе алғандар саны 4 млн 850 мыңға жетті. Эпидахуалға байланысты Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Нұр-Сұлтан да соған жақын тұр, дейді ведомствоаралық комиссия. Ал, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Хабарламаларға жазылу