Дін және сенім бостандығы: Лондонда IV халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін және сенім бостандығы: Лондонда IV халықаралық конференция өтті

08.07.2022

Лондонда дін және сенім бостандығы деген атаумен IV халықаралық конференциясы өтті. Ұлыбритания үкіметі ұйымдастырған шараның басты мақсаты - дінаралық диалогты насихаттау.

Конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров та қатысты. Министр еліміздегі діни бостандықты қорғау және насихаттау тәжірибесімен бөлісіп, азаматтық қоғамның рөлі артқанын, діни бірлестіктерді қолдаудың жаңа тетіктері қалыптасқанын айтты. Күзде Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде қаралатын мәселелер жайлы баяндады. Келелі жиынға әлемінң 60 елінен 500-ден астам дін өкілі , азаматтық қоғам белсенділері келеді деп күтілуде. Делегаттар діни сенім бостандығына қатысты жаһандық мәселелерді талқыламақ.

Тарик Ахмад, Ұлыбританияның адам құқықтары жөніндегі министрі:

Дүние жүзінде бірқатар мемлекеттерде адам құқығына қол сұғылуда. Олар қудалауға ұшырап, тіпті өліп те кетіп жатыр. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен осы конференцияға қатысуға келген делегаттарды дін немесе сенім бостандығы құқығын қорғауда бірлесіп әрекет етуге шақырамын.

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Біздің де тәжірибемізге қызығушылық білдіргендер көп. Себебі білесіз Қазақстанда қазір 18 конфессия жұмыс істеп тұр. Және олардың арасында татулық және жақсы қарым-қатынас болып тұр. Сондықтан Қазақстанның тәжірибесі де біздің шетелдік серіктестерімізге қызық.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу