Руслан Желдібай: Мемлекет басшысының қабылдаған шешімдерінің ешқандай саяси астары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Желдібай: Мемлекет басшысының қабылдаған шешімдерінің ешқандай саяси астары жоқ

08.07.2022

Мемлекет басшысының қабылдаған шешімдерінің ешқандай саяси астары жоқ. Елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткен болатын. Президенттің баспасөз хатшысы соған байланысты әлеуметтік желідегі парақшасына журналистерден сұрақтар түсіп жатқандықтан жауап берді.

Руслан Желдібай: «Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл - бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ», - деді. Оның мәліметінше, Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Осы мүддеге нұқсан келтіретін қандай да бір әрекетке жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да сондай ұстаным боларынан үмітті.

Хабарламаларға жазылу