Астанада Қытайдың ІІІ ғасырдан бері жалғасын тауып келе жатқан фарфор өнерінің көрмесі ашылды. Салтанатты шара Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының мәдени күндері аясында өтуде.
Астаналықтардың назарына эксклюзивті, заманауи, қолдан жасалған фарфор бұйымдары, экомәдениеті мен экоауылдардың құрылысын бейнелейтін фотосуреттер ұсынылған.
Көрмеге қойылған 88 жәдігердің әрқайсысы Қытай фарфор өнерінің дамуы мен шығармашылық деңгейінің мүмкіндігін көрсетеді дейді ұйымдастырушылар.
Лаура БЕКЖІГІТ