Қытайлық тұрғындар тасқынның ортасында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық тұрғындар тасқынның ортасында қалды

07.07.2022

Қытайдың солтүстік-шығысында төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласып, талай көлік суда қалды. Жүргізушерді құтқаруға арнайы бригадалар қайықпен жіберілді. Мұндай жағдай солтүстіктегі Хэбей провинциясында, шығыстағы Аньхой аймағындағы қалалар мен елді мекендерде қалыптасып отыр.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы күндері жауын қайтадан құяды, сан мың адам зардап шегуі мүмкін. Өткен айда Қытайда ыстық күшейіп, кейбір провинцияларды топан су басқан. Зерттеушілердің айтуынша, елде ауа райының қайта-қайта бұзылуына климаттың өзгеруі де себеп болып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу