Таяу жылдары Қазақстан Орталық Азия аумағында Оңтүстік Кореялық көліктердің өндірісі бойынша Хабқа айналуы мүмкін. Корейлік компаниялар бұған зор қызығушылық танытып отыр. Біздің елде тек көлік құрастыру ғана емес, түрлі жабдықтарды өндіру де жоспарда бар. Соның алғашқы қадамы ретінде, елордада шағын жүк көліктерін шығаратын зауыт ашылды. Жоба құны - 11 млрд теңге. Алғашқы кезеңде 240 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 12 мыңға жуық техника шығара алады. «80 пайызы экспортқа кетеді» деп жоспарланған. Шаруа көліктері 1 тоннаға дейін жүк таси алады. Қазірдің өзінде 2 мың көлікке тапсырыс түскен. Зауыт кешеніне дәнекерлеу, бояу және құрастыру бойынша өндірістік алаңдар, сондай-ақ қондырмаларды өндіру цехы бар. Алдағы екі жылда өндіріс орны кеңейіп, кәсіпорында электр және сутегімен жүретін көліктер, ауыр жүк машиналары, кран және гидрокөтергіш сынды арнайы техникалар шығару жоспарланып отыр.
Ик Тэ Ким, Оңтүстік Кореялық көлік компаниясының аға вице-президенті:
Біз болашақта Қазақстан жерінде Орталық Азия аумағы үшін Хаб болатын ірі өндіріс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Осы жерде көліктің көптеген түрлерін шығарсақ дейміз. Біздің негізгі мақсатымыз машинаны көп сату емес, Қазақстанға жаңа технологияларды алып келу.
Темір Жұрын, компания директоры:
5 жылдың ішінде мотор құрастыру, қозғалтқыш құралдарын құрастыру, оның ішінде жүк көліктерінің дискісін құрастыру және де әйнек детальдарын шығару бойынша жоспарымыз бар.