Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар «рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі» бойынша айыпталып отыр. 2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Пак қайтыс болған. 2020 жылдың 7 желтоқсанында агенттік күдіктінің әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты, толық ақталғанын хабарлаған. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.