Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауындағы өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске салайық, шілденің 5-не қараған түні 4 демалыс орны өртеніп, 17 база күлге айналған. Жалын жалпы аумағы 3 мың шаршы метр жерді шарпыды. 7 адам жеңіл жарақат алған. Осы оқиғадан соң, өрттің шығу себебін анықтау үшін, жедел штаб құрылған. Енді қылмыстық іс қозғалып, тергеу-тексеру басталды. Ал Алакөлдің шығыс жағында бүгінге дейін, 300-ге жуық туристік нысан салынған. Олардың да өрт қауіпсіздігі тексерілуі мүмкін.