Мемлекет басшысы Ақордада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Ол Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындыларын баяндады. Сондай-ақ сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстар мен Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде есеп берді.