Қазақстан – Оңтүстік Корея бірлескен жобаларды іске асырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Оңтүстік Корея бірлескен жобаларды іске асырады

05.07.2022

Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың орнағанына - 30 жыл. Осыған орай Алматыда халықаралық инвестициялық форум өтті. Форумда сөз алған шетелдік дипломаттар Алматы қаласымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Үш күнге созылған шара аясында Оңтүстік Кореяның 7 ірі халықаралық компаниясымен меморандумға қол қойылды. Жиында ІТ технологияларды өркендету, машина жасау, «Смарт қалаларды» дамыту сияқты жобалар қаралды. Сондай-ақ, қала аумағында қант шығаратын зауыт салу мәселесі де сөз болды. Бұған дейін олар Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында бірнеше ауқымды жобаларды іске асырған. Корейлік кәсіпкерлер ұсынған 15 жобаның 9-ы мақұлданды. Солардың бірі – жақында құрылысы басталатын йондалған су цехы.

Нұрбол Дәулетқазиев, кәсіпкер:

Йондалған су, яғни артезиан суын тоқтан өткізу арқылы анод пен катод араласып аяғында йондалған су шығарады. Йондалған су күнделікті ішуге, көптеген ауруларға пайдасы бар. Атап өтсек, күйгенде теріні тартады. Асқазанды, қан қысымын қалпына келтіреді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу