Шымкентте 6 жасар бала бассейінге батып кетті.
Қайғылы оқиға Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауылында болған. Демалыс орнына ата-анасымен барған жеткіншек бір сәтке қараусыз қалған. Сол аралықта бала суға құлап кетіп, көз жұмды. Қазір осы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мамандар тұрғындарды су айдындарында балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Әділбек Серікұлы